МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ШАРАСЫ
2016 жылғы 30 сәуір сағат 10.00-де Қызылордадағы Мәңгілік алау маңында жаңадан құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлері қатысатын сенбілік өтеді.
Бұл «Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған, өз қызметін 2016 жылғы 11 сәуірде бастаған мемлекеттік корпорацияның алғашқы ауқымды іс-шарасы болмақшы.
Акция жаңадан құрылған ұйымның 20 мыңнан астам қызметкерлерінің күш-жігерін біріктіре отырып, Қазақстанның 14 облысында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында бір уақытта өтетін болады.