«ЧЕРНОБЫЛЬ ЖАҢҒЫРЫҒЫ»
Ә.Тәжібаев атындағы обылыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен бүгін Чернобыль апатына 30 жыл толуына орай «Чернобыль жаңғырығы» атты ерлік сағаты өтті, - деп жазады кітапхана сайты.
1986 жылдың 26 сәуірінде Украинада Чернобыль атом электр станциясының төртінші электроблогында жарылыс болды. АЭС-тен радиусы 30 км жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. Радиоактивті түтін Еуропаның 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион адам зардап шекті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Көзге көрінбейтін бұл тажалды ауыздықтау үшін бүкіл Кеңес Одағына қараған республикалардың азаматтары қатысты. Өмір мен өлім арасында жүріп, көзге көрінбейтін қауіпті жау-атом реакциясын тұмшалау үшін мылтықсыз майданды бастан кешіргені шындық. Өздерін құрбан ете отырып Чернобыль апатының зардабын жоюға 800 мың адам, соның ішінде 32 мың қазақстандықтар қатысты, оның 800-ден астамы Қызылорда облысынан, қазіргі таңда 300 ардагер қалды.
Шараға А.Байтұрсынов атындағы Чернобыль апатын жоюға атсалысқан сырбойылық азаматтар, Қызылорда қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмағұл Шахатов және Әлиасқар Әукенов, №211 орта мектептің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қатысты. Оқушылар патриоттық тәрбиеге негізделген өлеңдер, өз шығармашылығынан тақпақтарды жатқа айтып, ән шырқады. Қонақтарға сұрақтарын қойып, мазмұнды өмір жолдары туралы көптеген мағұлмат алды
Отан алдындағы атқарған ерліктері балаларға үлкен сабақ болды. Олар Чернобыль апаты туралы, оның зиянды зардабы, залалы туралы түсінік алды. Іс-шара соңында оқырмандар «Чернобыль: кеше, бүгін» атты кітап көрмесін тамашалады.