ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ КӨЛЕМІНДЕ «АЛКОГОЛЬ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Мас күйінде орын алатын қылмыстардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «АЛКОГОЛЬ» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараға жергілікті полиция құрылымдарының жеке құрамы жұмылдырылды.
Іс-шараның мақсаты – алкоголь өнімдерін сататын дүкен егелері мен сатушыларға кешкі сағат 21:00 мен түскі сағат 12:00 аралығында этил спиртінің көлемді үлесі 30%-дан асатын, ал түнгі 23:00 мен таңғы 07:00 аралығында басқа алкоголь өнімдерін, сонымен бірге, 21 жасқа толмаған жастарға сатуға тыйым салынатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Іс-шара кезінде дүкен егелері мен сатушыларға үнпарақшалары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 1-бөлігінде көзделген, яғни 21 жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізгені үшін – 14, сағат 21:00-12:00 аралығында этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын, ал 23:00-07:00 аралығында басқа алкоголь өнімдерін сатқаны үшін – 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жергілікті полиция қызметімен аталған бағыттағы жұмыстар бұдан әрі де өз жалғасын тауып, мас күйінде орын алатын қылмыстардың алдын алу бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі