ЖАЛАҒАШТЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙІНЕН БЫЛҒАРЫ ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫН АШТЫ
Жалағаштық Гүлзат Құлниязова бабалар кәсібін қайта жаңғыртып, үйінен былғары тігін шеберханасын ашты, - деп жазады «Сыр бойы» газеті.
Өткен жылы «Демеу» гранттарына жобасын ұсынған кәсіпкер 800 мың теңге қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді. Кәсіп иесі бұған дейін Тараз қаласындағы былғары цехында жұмыс істеген.
Қазірде үйінің үлкен бір бөлмесін шеберхана етіп ашқан. Заманауи былғары тігін машинасына тапсырыс беріпті. Арнайы технологиямен қой терісінен өңделіп алынатын жоғары сапалы былғарыны да, оған жылтыр түс беретін бояуды да, тарамыс жіптерді де Тараз қаласынан тапсырыспен алдырады. Шеберхана толық жабдықталған күні жұмысын бастап, тон, ішік және көктем, күз мезгілдерінде киетін жеңіл былғары күртешелер тігуге ниетті.
Әзірге Гүлзат үйдегі тігін машинасымен перделер, төсеніш жаймалар, тіпті драп матасынан жаңа үлгідегі пальтолар тігіп, тапсырыс қабылдауда.