ҚМУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Студенттердің ғылыми-инновациялық шығармашылығы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» атты XVIIІ ғылыми конференциясы өтті.
Бірнеше күнге созылған секциялық жұмыстар қорытындысы ретінде ғылыми-техникалық кітапхана ұжымы университет оқытушылары мен білімгерлерінің еңбектерінен құралған бұрышты көпшілік назарына ұсынды. Ал залдың екінші қабатында әр факультет оқытушылары мен студенттерінің ғылыми жобалары, жетістіктерінен көрме қойылды.
Конференцияда университет ректоры Қ.Бисенов оқу орнында студенттерді ғылымға тарту жұмыстарына көп көңіл бөлінетінін, университет ғалымдарының ғылымдағы ерен еңбектерін тілге тиек етті. Конференцияның екінші кезеңінде студенттер түрлі тақырыпта дайындаған баяндамаларын оқыды. Бұдан соң университет басшысы XVIIІ ғылыми конференция бағыттары бойынша анықталған жүлдегерлерді І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады. Нәтижесінде 1-орынды политехникалық, 2-орынды гуманитарлық-педагогикалық, 3-орынды жаратылыстану және аграрлық технологиялар факультеттері иеленді. Кафедраларға алғыс хаттар табыс етілді.