УАҒЫЗ АЙТЫЛМАҒАН АУЫЛ ҚАЛМАСЫН
«Уағыз айтылмаған ауыл қалмасн» ұранымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің жанынан құрылған жергілікті ақпараттық-насихаттық топ өз жұмысын жалғастыруда, деп хабарлады облыстық мешіттің баспасөз қызметі.
Уағыз-насихат жұмыстары қала, аудан орталығы, ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде өтуде. Аталмыш шараларға тұрғындар, жастар, мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері толық қамтылуда деуге негіз бар.
Осы бағыттағы бірнеше кездесулер облысымыздың Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарында өткізілді. 6 күнде 60 кездесуді ұйымдастырған имамдар халықтың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Осы бағыттағы бірнеше кездесулер облысымыздың Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарында өткізілді. 6 күнде 60 кездесуді ұйымдастырған имамдар халықтың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.