СТУДЕНТТЕР СУДЬЯЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда қалалық сотының судьялары ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Судья әдебі кодексінің» қабылдануына байланысты Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің құқықтану мамандығының профессор-оқытушылары және студенттерімен кездесті.
Университет сайты жазғандай, шара барысында судьялар сот жүйесінің жетістіктері және Қазақстан Республикасы Судьяларының кезекті VII съезі, қызу талқылаудағы «Судья әдебі» кодексінің жобасы төңірегінде студенттермен әңгіме өрбітті. Судья Т.Жүсіпов аталмыш мамандық студенттеріне медиациямен іс қарау тәртібін түсіндіріп, өз тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Студенттер де өз кезегінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жетістіктері аясында патриоттық сезімге толы толғаныстарын жеткізді.
Студенттер де өз кезегінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жетістіктері аясында патриоттық сезімге толы толғаныстарын жеткізді.