ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ САЛЫМДАРЫ ЕСЕБІНЕН «ӨМІР СҮРЕДІ»
Қызылорда облысының прокуратура органдары тұрғындардың қаржылық пирамида мен алаяқтықтың шырмауына түсіп қалмауы үшін жұмыстар жүргізуде.
Қаржылық пирамида – тұрақты ақшалай қаражаттан түскен табыс негізінде құрылым салымшыларының кірісін қамтамасыз ететін ақшалай схема. Пирамида құрушылар салымшыларға алдымен келесі қатысушылардың салымы есебінен пайда табасыз деп уәде беріп, ақша салуға ынталандырылады. Сосын қысқа мерзімде қомақты қаражатқа қол жеткізесіз деп сендіреді.
Прокурорлар олардың қарапайым адамдардың салымдары есебінен «өмір сүретінін» айтады. Аталған пирамидаларды ұзақ уақыт ұстап тұру және барлық қатысушыларды пайдамен қамту мүмкін емес.
Кез келген қаржылық пирамиданың соңы жобаның банкрот болуымен және соңғы салымшылардың қаржыларын жоғалтуларымен аяқталады.
«Тәжірибе көрсеткендей, пирамида күйрегеннен кейін ештеңені қайтара алмайсыз. Себебі салынған ақшалар заңды активтер сатып алуға жұмсалмайды. Тек келесі салымшының сенімін нығайту үшін пайдаланылады», - деп дабыл қағады прокуратура өкілдері.