СУДЬЯЛАР МЕН СОТ МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ДОДАДА БАҚ СЫНАСТЫ
Қызылордада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына жылдығына орай облыс судьялары мен сот қызметкерлері арасында спартакиада өтті.
Онда Қызылорда облысының жергілікті соттары облыстық сот, қалалық, мамандандырылған соттар және аудандық соттардан құрылған «Айбын», «Сұңқар», «Қанағат», «Тура би» және «Барыс» топтары бақ сынасты.
Дәстүрлі сайыста бақ пен бап сынасқан бес топ кіші футбол, ерлер мен әйелдер арасында өткен шахмат, шашкы және үстел теннисінен тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Спартакиада да сөз сөйлеген облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков: «Қызылорда облыстық соты мемлекеттік маңызы бар мерекелерде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорттық шараларды ұдайы өткізіп келеді. Бүгінгі сот жүйесі судьялары мен қызметкерлерінің спартакиадасы ұлттық мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналып, өткізілді. Бұл күн бәріміз үшін өте маңызды Осыдан 25 жыл бұрын түскен жолымыз даңғыл болды. Ол тәуелсіздік даңғылы. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз - тек бір ұрпақтың ғана еңбегі емес, барша ұрпақтардың еңбегі. Басты мұрат - қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына бекем болу»,- деп ел іргесі аман, келешегіміз кемел болуына тілектестігін білдірді.
Мұнан соң, айтулы шараның қонағы Қызылорда облысының прокуроры С.Нұрпейісов спорттық доданы ұйымдастырған сот ұжымына алғысын білдіріп, мәңгілік ел үшін бәріміз қызмет етіп, ұлы мерекемен үлкен тойда кездесіп, халықтың сенімінен шығып жүре берейік деді.
Шаршы алаңда әділдікті жанына ту еткен әділ билердің және сот қызметкерлерінің спорттық ойындарының қорытындысы бойынша:
Кіші футболдан облыстық сот судьялары мен сот қызметкерлерінен құрылған «Айбын» тобы жеңіс тұғырынан көрінсе, екінші орынды «Қанағат», үшінші орынды «Барыс» қанжығаларына байлады. Әдеттегідей үздік ойыншылар анықталып, теңбіл допта өз шеберліктерін көрсеткен облыстық соттың бас маманы Д.Махамбетов - «Ең үздік шабуылшы», Қызылорда қалалық сотының маманы Н.Жанболатұлы - «Ең үздік қорғаушы», Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев - «Ең үздік қақпашы» номинацияларын иеленді.
Ерлер арасында шахматтан 1 орынды Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен. 2 орынды Қазалы аудандық сотының жетекші маманы Б.Керуенбаев, 3 орынды Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы С.Әбдіқанов алса, аталмыш сайыс түрінен қыздар арасында 1 орынды облыстық соттың бас маманы А.Накиева, 2 орынды Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот жасауылы А.Исахаева иеленді.
Ерлер арасында шашкыден 1 орын Байқоңыр қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Жұбатқанов, 2 орын облыстық соттың бас маманы Қ.Боранбаев, 3 орын облыстық соттың инспекторы Г.Мырзабеков, қыздар арасында 1 орын Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Ғ.Салимова, 2 орын Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Садуақасова, 3 орын Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Өтегеноваға бұйырды.
Ерлер арасындағы үстел теннисінен 1 орынды Қызылорда облыстық сотының іс жүргізу инспекторы Е.Құрманбаев, 2 орынды Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов, 3 орынды Сырдария аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев өзара бөлісті. Ал, қыздар арасында үстел теннисінен 1 орынды Қазалы аудандық сотының судьясы Г.Тиштикбаева, 2 орынды Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Өтегенова, 3 орынды облыстық соттың бас маманы А.Накиева иеленді.
Ойыншыларға арнайы жүлделер табыс етілді. Барлық жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі