ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖАСАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДЫҚ СЛЕТІ БАСТАЛДЫ
Елімізде орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары және оның зардаптары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы тұста, жасөспірімдер арасында орын алатын жол көлік оқиғаларын алдын алуда әр мектептерде құрылған жол қозғалысының жас инспекторлары жасақтарының рөлі зор.
Қозғалыстың жас инспекторлары алғаш 1973 жылы құрылған. Негізгі мақсаты – жол қозғалысы ережелері бойынша балалардың сауатын арттыру, оқушыларға жолда қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттау, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру болып табылады. Қазіргі уақытта республика көлемінде 5992 қозғалыстың жас инспекторлары отрядтары тіркелген. Оқушылардың білімін тереңдетіп, сауатын арттыруға бағытталған аталмыш байқау жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 19 күні Арал ауданында Жол қозғалысының жас инспекторлары байқауы өткізіліп, аудандық елдімекендерден келген 14 команда өзара бақ сынасты. Сайыскерлер слет бағдарламасына сай, саптық байқау, жас реттеуші, жол қозғалыс ережелерінің білгірлері, жас санитар, жас білгір, үгіт бригада байқауы, командирлер байқауы, ашық үзіліс (жетекшілер сайысы) және қауіпсіз дөңгелек сынды 9 аталым бойынша сайысып, жол ережелеріне сәйкес білім деңгейлерін ортаға салды. Мәселен, «Үгіт бригадасы» сайысында жарысқа қатысушылар жол қозғалысы бағытында жастар арасындағы проблемалық мәселелерді кеңінен қозғап өтті. Осындай сындардан сүрінбей өткен Арал ауданының №14 орта мектебінің құрама командасы жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылып, бас жүлде иегерлері атанды. Сондай-ақ Қызылорда облысында болатын облыстық слетке қатысуға жолдама иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі