ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА ДАЙЫН
Мемлекеттік қызмет істері департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментінің 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері бойынша өзара бірлескен жоспары аясында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында «Азаматтық альянс» қауымдастығының, аймақтық кәсіпкерлер палатасының және үкімет емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысының орынбасары Б.Байхожаев өзінің кіріспе сөзінде, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
«Азаматтық альянс» қауымдастығының төрайымы А.Әбдіқалықова өзінің баяндамасында, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалына қалыптастыру үшін осы бағытта қоғамдық бақылауды енгізуді және қоғамдық иституттармен ұсыныстар әзірлеуді көздейтін кешенді шаралар қабылдау керектігіне тоқталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басқарма басшысы Б.Ниязов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыруының негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Қ.Абдраманов Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының құқықтық негіздері және алдын-алу шараларына кеңінен тоқталып өтті.
Дөңгелек үстел қатысушылары бұл бағытта жұмыстың тиімділігін арттыру үшін өздерінің ұсыныстарын берді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және профилактика шараларын жүргізуге дайын екендерін білдірді.