МЕДИАЦИЯ – ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ БАЛАМА ЖОЛЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы партияның «Ұлы дала елі» жобасы аясында «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бірлесіп, қалалық партия филиалында «Медиация – дауларды шешудің балама жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараға партия белсенділері, бастауыш партия ұйымдары, мәслихат депутаттары мен «Қазпочта»АҚ, «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі», сақтандыру компаниялары және Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысып, медиацияның қоғамға тигізер пайдасы мен орны туралы талқылады.
«Жасарытаны жоқ партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан түрлі өтініштер мен арыз шағымдар келіп түседі. Солардың арасында сотқа жүгінбей-ақкәсіби медиаторлардың көмегімен шешілетін мәселелер кездеседі. Сондықтан бүгін біз кәсіби медиаторларды шақырып бастауыш партия ұйымдары төрағалары мен мәслихат депутаттарын қатыстырып халықпен жұмыс барысында кездесетін кейбір мәселелердің оң шешімін табуына медиацияның ықпалы төңірегінде дөңгелек үстел ұйымдасытырып отырмыз» -деді қалалық партия филиалы қоғамдық саяси бөлімінің кеңесшісі Жансая Толыбекова.
«Медиация тәсілі АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Германия, Австрия елдерінде 20 ғасырдан бері қолданылып келген және бұл тәсіл азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеумен қоса, моральдік жағынан да пайдалы көрінеді. Әлемдік тәжірибеде медиацияны заңнамалық бекітудің мысалдары өте көп. Ал біздің елімізде 2011 жылы «Медиация туралы» Заңға қол қойылуы және осы заңға байланысты елімізде жақын арада дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде медиация тәсілі енгізілуінің басты мақсаты, қылмыстық және азаматтық істер бойынша дауларды қарайтын судьлардың жүктемесін азайту болып табылады» - дейді кәсіби медиатор Дана Кенжеғұлова.
Тарихқа көз жүгіртсек заманында шыңыраулы түрме ұстамай қоғамдағы неше түрлі даулы мәселелерді бір ауыз сөзбен шешкен аузы дуалы билеріміз жеткілікті. Бүгінде елімізде «Медиация туралы» заңның енгізіліп жүзеге асуы қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік, ұмытыла бастаған жақсы салт дәстүрін қалпына келтіруге жасалған қадам десек болады.«Ендеше дарабоз билеріміздің қанымен сіңген қазақ даналығының арқасында ел бірлігі одан әрі нығая түсетіндігіне біз кәміл сенеміз»- деп тарқасты жиынға қатысушылар.