БӨЛІМ БАСШЫСЫ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ТАРТЫЛДЫ
Қызылорда қалалық прокуратурасының тексеруімен қалалық мәслихаттың 01.11.2014 жылғы «Бөлек қоғамдастық жиынын өткізу қағидасын бекіту туралы» шешімінің орысша нұсқасы мен қазақша нұсқасының сәйкес келмейтіні анықталды.
Осыған орай қалалық мәслихатқа актіні заң талаптарына сәйкестендіру туралы хат жолданып, мәслихаттың келесі отырысында оны сәйкестендіру көзделіп отыр.
Сонымен қатар қала әкімінің 12.07.2012 жылғы Қызылорда қаласындағы жалға берілетін пәтерлер ақысының көлемін бекіту туралы әділет органдарында тіркеуден өтпеген актісін пайдалану дерегі анықталды. Нәтижесінде қалалық тұрғын үй коммуналдық шарушалығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 457-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, облыстық әділет департаментіне қаралу үшін жолданды.
Қарау нәтижесімен бөлім басшысы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.