ОРЫС ТІЛІ БІЛГІРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ
Қызылордада облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен орыс тілін меңгерген дарынды жастар арасында «Ой – сана» облыстық байқауы өтті.
Байқауға Қазалы, Жаңақорған аудандары, Байқоңыр қаласының мектептері мен Қызылорда қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 18-22 жас аралығындағы 19 талапкер қатысты. Олардың білімін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің орыс тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Пернекүл Есенова басқарған қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 3-курс студенті Зарина Құдайбергенова І орынды жеңіп алса, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті Алтынай Балмағамбетова ІІ орынды, Қызылорда медициналық колледжінің 2-курс студенті Азиза Бабас ІІІ орынды жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаз қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.