НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ТЕЛЕСТУДИЯ АШЫЛДЫ
Қызылордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде үш тілде хабар дайындайтын телестудия ашылды. Идея авторы – осы мектептің баспасөз хатшысы Елена Рыбина, - деп хабарлады «Хабар» телеарнасының тілшісі.
Бос уақытында оқушылар осы жерде телевизияның қыр-сырына қаныға алады. «Қазіргі таңда біз «Жас шебер» атты жаңа жобаны іске қосып жатырмыз. Бұл хабарда талантты жастардың өнері және олардың еңбектері жайында кеңінен насихатталады», - дейді идея авторы.
Лена ана тілімен бірге мемлекеттік тілді де жетік меңгерген. Кезінде жергілікті телеарнада қазақ тіліндегі жаңалықтардың тізгіншісі де болды. Қазір де сүйікті ісінен алыстай қойған жоқ. Мектеп өрендерінің үштұғырлы тілді қатар меңгеруіне сүбелі үлес қосып келеді.