ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАН ЖШС ӘКІМШІЛІК ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті «Теміржолсу-Кзыл-Орда» ЖШС-не 2014-2015 жылғы қаржы-шаруашылық қызметтерінің қорытындылары бойынша ішінара тексеру жүргізді.
Тексерумен тарифтік сметаларды, инвестициялық бағдарламаны орындамау, реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең емес жағдайларын ұсыну, өзінің интернет-ресурсында қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың бар екендігі туралы ақпаратты орналастыру міндетін орындамау, өзге қызмет түрлерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз және хабарлама ұсынбай жүзеге асыру фактілері анықталды.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамамен белгіленген міндеттерді орындамау фактілері бойынша 8 әкімшілік өндірістер ҚР ӘҚБтК-нің 147-5-бабының 4-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4, 5-бөліктері бойынша қозғалды.
6 әкімшілік құқықбұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі бойынша жасалғандығын ескере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 58-бабының 2-бөлігінің талабына сәйкес Департаменттің қаулысымен «Теміржолсу-Кзыл-Орда» ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігінде орта кәсіпкерлік субъектілер үшін белгіленген жазаның үш еселенген ең жоғары шегі, яғни 960 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - 2 036 160 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Одан басқа, 2014 жылы уәкілетті органның келісімінсіз өзге қызметтерді жүзеге асырғаны үшін ЖШС-і ҚР ӘҚБтК-нің 147-5-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) 10 % мөлшерінде, яғни 744 305 теңгеге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 2015 жылы жол берілген осы тектес бұзушылық үшін ЖШС-і ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) 10 % мөлшерінде, яғни 1 197 698 теңгеге айыппұл салынды.
Көрсетілген Департаменттің қаулылары бойынша барлығы 3 978 163 теңгеге айыппұлдар салынды.
Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті