ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 2 700-ГЕ ЖУЫҚ КОНТРАГЕНТІ АНЫҚТАЛДЫ
Биыл Қызылорда облысында жалған кәсіпкерлердің 2 700-ге жуық контрагенті анықталды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Нәтижесінде мемлекетке 8 млрд. 159 млн. теңгеден астам залал келтіріліп, бүгінде соның 221 млн. 694 мыңы ғана бюджетке ерікті түрде өндірілген. 5 жалған кәсіпкердің 79 млн. 410 мың теңге қаржысы мен 1 тұрғын үй, 1 арнайы техника және 2 автокөлігіне тыйым салу шаралары қолданылған.