ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ҚОС ҚҰТҚАРУШЫНЫ ЕСКЕ АЛДЫ
Қызылордалық құтқарушылар қызмет барысында қаза тапқан қос боздақты еске алды. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында олардың ескерткіш монументіне гүл шоқтарын қою дәстүрге айналған.
1997 жылы 24 наурыз күні 11 сағат 25 минутта орталық коммуникацияға «Көкөніс» қорында өрт болғаны туралы қоңырау түсті. Отты алғашқылардың бірі боп қабылдаған аға өрт сөндіруші, ішкі қызмет сержанты Арман Төлеубаев және аға өрт сөндіруші, ішкі қызмет сержанты Арғын Әшірбеков еді. Үстеріне бетон плиталары құлап олар қаза болды. Олар өмірлік « Ерлігі үшін » медалімен марапатталды.
- Осы апаттың болғанына 19 жыл өтсе де, марқұмның туғандары мен әріптестері оларды ешқашан ұмытпайды, - деді Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ә.Көкеев.
Рәсімді өрт сөндіру жабдықтарын соңғы сирена аяқтады.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі ММ