АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау саласының ардагерлерімен, зейнеткерлермен кездесу ұйымдастырылды.
Оларды департамент ғимаратын, бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының қажетті техникалық құралдармен жабдықталған жұмыс бөлмесін аралады. Департаментте атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Заманауи технологияның қаншалықты қарыштап дамығанын көріп, ардагерлер: «Біз қызмет еткен жылдарда бүгінгідей дамыған жағдайды көз алдымызға елестете де алмаушы едік» - деп, таңдай қағысты.
Одан соң ардагерлер кеңесінің бөлмесінде дастархан басында бас қосты. Дастарханнан дәм татып, өздерінің еңбек еткен жылдардан естеліктер айтты. Емен-жарқын әңгімелесу барысында ой-пікірлерін білдірді.
Кездесу соңында департамент бастығы О.Бержанов ардагерлер мен зейнеткерлерге сый-сияпат жасады.
Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы