30 КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
Қызылорда қалалық прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында 2016 жылдың 3 айында 4 ұсыныс, 1 наразылық, 20 талап-арыз енгізіліп, қаралу нәтижесімен 1 заңсыз актінің күші жойылып, 31 кәсіпкердің құқығы қорғалған.
Мысалы, «Қызылорда су жүйесі» МКК тарапынан жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі қаржылары өтелмей, олардың құқықтары шектелгені анықталды. Тек қалалық прокуратураның араласуынан кейін аталған кәсіпорынмен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген 5 216 218 теңге өндіріліп, 30 кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалған.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі