КЕҢЕС БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастарға кеңес беру шарасы өткізілуде. Шара халық көп шоғырланған орындарда ұйымдастырылып жатыр.
Мұнда әр саланың жауапты мамандарының көмегімен кез-келген жас жұмысқа орналасу, баспана алу, кәсіп ашу және тағы да басқа өздерін толғандыратын мәселелері жайында толық ақпарат ала алады.
Есепті кезеңде 750-ге жуық кеңестер берілсе, басым бөлігі жұмыссыздық мәселесін қамтуда. Кезекті кеңес беру жұмысы «Ағжан» сауда үйінде ұйымдастырылды. Шараға «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкі», «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, Жастар денсаулық орталығының қызметкерлері қатысып, кеңес берді.
Аталмыш бағыттағы жұмыстар орталық тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.