МҰРАГЕРЛІК ОҚУШЫЛАРМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ
Қызылорда облыстық ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Мұрагер» мектебінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысы, дінтану ғылымдарының магистрі Әлібек Жаппасбаев, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас эксперті Шәкизат Әбдіраманова дәріс оқыды.
- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының саясаты бізге жол көрсетер шамшырағымыз. Елдегі жетістіктер де, қуаныш та барлығына ортақ, - деді ҚМУ оқытушысы.
Ал «Қоғамдық келісім» КММ бас эксперті Шәкизат Әбдіраманова Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы тікелей Елбасының идеясы екенін атап өтті.
- Азаматтық қоғам құрастырудың бір жолы – қарама қайшылықтарды диалог арқылы шешу, - деді ол.
Кездесу барысында мұрагерлік оқушылар мамандарға сұрақтарын жолдай отырып, тұшымды жауаптар алды.