ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫНЫ ПЛАСТИКАЛЫҚ БӨТЕЛКЕЛЕРДІҢ АРҚАСЫНДА ӨЗ КӘСІБІН АШЫП АЛДЫ
Қызылордалық Нәзипа Сарымсақова – үшінші топ мүгедегі. Жасы елуден асқан жанның көзі нашар көреді.Соған қарамастан қол қусырып отырмайтын шебер пластмассалық құтылардан гүл жасауды үйреніпті. Бұл кәсіпті қолға алғанына биыл екі жыл болды.
Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі Нәзипа апайдың үйіне барып, қолынан шыққан дүниелерді тамашалап қайтқан еді.
Алғашқыда Нәзипа апай 5 литрлік құтыларды қоқысқа тастамай, олардан түрлі ойыншықтар жасап бастаған. Аулада өсетін гүлдерге қажет қоршауларды да өзі құрастырған. Кейіннен ғаламтордың көмегімен, бөтелкелерден гүл жасауды үйреніпті. Қазіргі таңда шебер 100-ге жуық гүл композицияларын жасап үйренген.
Нәзипа Сарымсақованың үйіне келген адам құдды бір баққа келгендей әсерде болады. Мұнда көздің жауын алар дүниелер өте көп. Раушан, лилия, қызғалдақ, түймедақ тағы да басқа гүлдер тірі өсімдіктерден айнымайды. Шебер бір гүл композициясын жасап шығару үшін көп еңбек пен уақыттың қажет екенін айтады.
«Бір гүлді жасап бітіру үшін бірнеше күн еңбек етеміз. Гүлге қажетті пластмасса құтыларды жинап жүреміз. Көшеде жатса, көтеріп аламыз. Көбіне мейрамханалар мен кафелерден сұрарп аламыз», – дейді шебер.
Қазір Нәзипа апайға тапсырыс берушілер өте көп. Әсіресе, білім беру ұйымдарынан тапсырыс жиі түсуде. Сол себептен барлығына үлгеру үшін Нзәипа апай бұл жұмысқа құрбысы Гүлнар Махмудованы да тартыпты. Гүлдердің бағасы 200 теңгеден бастап, 10000 теңге дейін.
Гүл жасау үшін алдымен пластмасса құтылар қажетті пішінге келтіріліп, қиялады. Кейіннен балауыз шамның көмегімен ерітіледі екен. Мұнан соң шеберлер әртүрлі түстерге бояйды. Арнайы композициялар үшін құмыралар сатып алынады.
Қазір шеберлер қызу жұмыс жасауда. Себебі, «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысу үшін арнайы шақырту келген екен. Енді олар шетелдік туристерді таңғалдыру үшін қолдарынан келгенше еңбек етіп, тамаша туындыларды жасау үшін тер төкпек.