ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ СӨЗ БОЛДЫ
Қызылорда облыстық ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының студент жастарымен «Дін мен дәстүр - рухани тәрбие негізі» тақырыбында рухани-танымдық кездесу өтті.
Оған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Марат Дайрабайұлы, «Өркениетті Қазақстан» ҚБ-нің басқарма президенті Жақып Шаймұханбетұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Азамат Мукеев қатысты. Олар қазақ халқының дәстүрімен сабақтасқан тәрбие негіздері, ислам дінінің құндылықтары туралы ойларымен бөлісіп, өркениет көшіне ілесу жолында білім мен ғылымды игерудің маңыздылығына тоқталды.
Бүгінгі қоғамдағы бірқатар өзекті мәселе талқыланып, аудитория тарапынан қойылған сұрақтарға орынды жауаптар берілді.