АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің тарапынан арнайы ақпараттық-насихаттық топ құрылып, жыл сайын аудан, ауылдарда насихаттық жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді, деп хабарлады мешіттің баспасөз қызметі.
«6 күнде 60 кездесу» өткізуді мақсат тұтқан топ құрамында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәріұлынан бастап, найб имамдар, қала мешіттерінің бас имамдары бар. Ақпараттық-насихаттық топ 2-ге бөлініп, облысқа қарасты барлық аудандарда, ауылдарда уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.
Осындай кезекті насихат жұмыстары Жаңақорған ауданынан бастау алды. Аудан орталығы мен ауданға қарасты ауылдарда негізінен жаназадағы ысырапшылық мәселесіне орай насихаттар айтылды. «Дін-насихат» деген қағиданы ескерер болсақ, аталмыш уағыз-насихат жұмыстарынан ауыл халқы мол мағлұматтар алып, сұрақтарын қойды. Бұл бағыттағы шаралар басқа аудандарда да жалғасын табатын болады.