ҚЫЗЫЛОРДАДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
Ағымдағы жылдың 11-13 сәуір аралығында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі студенттеріне арналған Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің тыныс-тіршілігімен танысуға, полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып ішкі істер органдарының қызметін дәріптеуге, Отанға қызмет етемін дейтін жастардың қатарын көбейтуге бағытталған экскурсия ұйымдастырылды. Аталмыш шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыра отырып кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Шараға 300-ге жуық колледж студенттері мен олардың оқытушылары қатысты.
Өткізіліп жатырған шара аясында полиция қызметкерлері колледж студенттері үшін департамент мұражайына және Жедел басқару орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. Бұдан кейін студенттер топталып құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайтын бейнекамералар орналасқан Жедел басқару орталығының ғимаратына барды. Қала өмірін, тыныс-тіршілігін көгілдір экраннан көрген жасөспірімдер таңданысын білдіріп, естелікке суретке түсті.
Шара соңында студенттер бүгінгі күннен мол әсер алғандарын жеткізіп, осы бағыттағы шаралар жиі ұйымдастырылса екен деген ұсыныстарын білдіріп, полиция қызметкерлеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Аталмыш шара ағымдағы жылдың 13 сәуіріне дейін жалғасатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі