АҚАУЛЫ ҚАЙЫҚ ҚАУІПТІ
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ Қызылорда облысы аумағында су айдындарында қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқаруда.
Атап айтқанда, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті, Қызылорда облысы Ішкі саясат басқармасы, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қызылорда облыстық білім басқармасы және тағы басқа мекемелермен бірлесіп шаралар атқару туралы кешенді жоспар Қызылорда облысы әкімінің орынбасарымен бекітілген болатын.
Жуырда жасақ құтқарушылары Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірге Сырдария өзенінен техникалық жарамсыз қайықтарды пайдаланушыларға, құтқару кеудешесіз және құтқару шеңберсіз қатынап жүрген азаматтарға байланысты рейд ұйымдастырылды. Рейд барысында техникалық жарамсыз қайықтарды пайдалану, қайық жүргізушілерге қойылатын талаптарды бұзған фактілер анықталып әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ