НЗМ ҰЖЫМЫ НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАДЫ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қазақстанның даму тарихына саяхаттауға мүмкіндік жасады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай және Наурыз меркесі аясында мектеп оқушылары қазақ елінің тарихи кезеңдері бойынша өз таныстырылымдарын көрсетті.
Көктемнің алғашқы шуағына шабыттанған табиғат жаратылыстары театрландырылған қойылым арқылы суреттелді. Су мұзы еріп, кеткен құсы келіп, тауы арқырап, бұлағы сарқырап, Ай мен Күні теңескен, шөбі мен көгі теңөскен көрініс көрсетілді. Бақ пен бірліктің бастауы, тіршіліктің арқауына айналған Қыдыр атамыздың ақ батасы берілді. Мұнан соң әсем ән мен биден шашу шашылды. Оқушылар мен мұғалімдердің басын қосқан шығармашылық ұжымы түрлі музыкалық аспаптар арқылы Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғау», «Әлхисса» атты шығармаларын сомдады.
«Наурыз - бұл өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрайтын жыл басы, - деді өз құттықтау сөзінде мектеп директоры Гүлмира Мункеева. - Қадам басқалы отырған жылды көптеген жағымды жаңалықтармен қарсы алғалы отырмыз. Айтап айтсақ, 12 сынып оқушысы Әбілпәсім Ләтіш - Жолдасбеков атындағы математика мен механика бойынша халықаралық байқаудан жүлделі 1- орынды жеңіп алды. Тағы бір бітіруші түлегіміз Жүрсін Данияр - жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық Олимпиадасында Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ орын алып,қола медаль иегері атанды. Сонымен қатар, 9- сынып оқушысы Владимир Коряк робототехника бойынша өткен халықаралық додада өзінің ғылыми жобасымен көзге түсіп, жүлделі 3 -орын иемденіп қайтты. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш және Сіздердің еткен еңбектеріңіздің жемісі деп білемін. Жаңа жылдың жаңа белестері Сіздерге қуаныш сыйлап, үлкен жетістіктерге жеткізсін»,-деді.
Мектепте Наурыз мерекесін белгілі тақырыпта атап өту дәстүрге айналған. Биылғы шара «ұлы дала тарихы сыр шертеді» тақырыбында өтіп, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орайластырылды. Оқушылар келушілер үшін Ежелгі Қазақстан, Оғыз мемлекеті, Қазақ хандығы, Кеңес одағы және Жаңа Қазақстан дәуірлерін қамтитын тарихи кезеңдерге саяхат жасап, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіндірді және Болашақ Қазақстан туралы ойларымен бөлісті. «Біз ІХ және ХІ ғасырларды қамтитын кезеңді жан-жақты таныстырдық. Оның ішінде Оғыз күшінің мықтылығы өсіп, ұлы Жібек жолы халықтар арасында экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта түсті», - деп бөлісті 10- сынып оқушысы Азиз Ақмырза.
Шара барысында Шаңырақтар өзара Бата беруден жарысты. Шешеңдік-поэтикалық өнерімен сайысқан 17 оқушының барлығы да мейрімділігі мен адалдығы мол баталарымен ерекшеленді. Әдеттегідей ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесінде оқушылар өздері дайындаған қолөнер бұйымдары мен кондитерлік өнімдерін саудалады. Түскен қаражат мектептің қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждығына жұмсалмақ.
АҚШ-тан келген математика пәнінің мұғалімі Дэйв Брент-Харис үшін Наурыз мерекесі сүйікті мерекелердің біріне айналды. Бұл күні шетелдік азамат міндетті түрде қазақи ою-өрнектермен көмкерілген ұлттық шапанын киіп, әріптестері мен достарын мерекемен құттықтайды. «Наурыз мерекесі өзіндік салт-дәстүрлерімен қызықты», - дейді Дэйв.
Шара соңында түрлі ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, келушілер ұлттық тағамдардан дәм татты. Осылайша, «ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» меркесі көктемгі мейірімділіктің нұрын шашып, барлық қатысушыларды шаттық пен қуанышқа бөледі.