ЖАС ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Сейітов Мүсілім Табынбайұлы және 9«Б» сынып жетекшісі Әлменова Үміт Дүйсенқызы мектеп оқушылардан құрылған «Жас өрт сөндірушілер» жасағының жұмысын жандандыру мақсатында Қызылорда қаласы №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметімен танысты. Жас өрт сөндірушілерге бөлімнің тыныс-тіршілігін, қызметін бөлім бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры М.Көпешов таныстырды. Сонымен қатар, шығу ауданында орын алған өрттер туралы, өртті сөндіруде пайдаланылатын өрт-техникалық құрал – жарақтардың түрі мен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін көрсетті. Өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерінің мақсатын бөлімнің аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Р.Рахметов айтты. Ол тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс жасауға арналған сығымдалған ауадағы тыныс алу аппараттарын пайдалануды, тактикалық– техникалық сипаттамалар туралы әңгімеледі.
Бөлімнің аға жүргізуші қызметкері азаматтық қорғау прапорщигі Н.Құдайбергенов бөлім теңгеріміндегі өрт автокөліктері және арнайы өрт автокөлігі АС-32 Камаз-53605 автосатысының мақсатын айтып, жоғарғы қабаттардан адамдарды құтқару кезінде жүргізілетін арнайы жұмыстарды көрсетті.
Бөлімде тәжірибеден өтіп жатқан «Жас өркен» колледжінің студенттері А.Қадыр, ағайынды Нұрсұлтан мен Ерсұлтан Сайдуовтар бөлімде тәжірибе алу барысында алған білімдерін көрсетті, яғни құтқару арқанымен өзін-өзі құтқару, зардап шегушілерді құтқару әдістерін және конструкцияға бекіту түрлерін, өрт автокөліктерінен жауынгерлік қанат жайып, өрт ошағына су беру тәсілдерін көрсетті.
ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының түлегі қазіргі таңда бөлімнің қарауыл бастығы қызметін атқарып жүрген азаматтық қорғау лейтенанты С.Жолмырзаев жас өрт сөндірушілерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтты туралы айтты. Қосымша институт туралы бейнеролик көрсетіліп, бүктемелер мен үнпарақтар таратылды.
Бөлімнің шығу ауданында орналасқан тұрғын үйлерге «Өрт қауіпсіздігі күні» таратылатын үнпарақтар таратылды, жас өрт сөндірушілер бұл шараға қатысуға өз ниеттерін білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ