СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 5 наурызында №6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидасы туралы семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараға сот қызметкерлері қатысты.
Іс шараны кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы ашып, сөз кезегін баянадамашыларға берді.
Жетекші маман С.Сабырханова кіріс корреспонденциясын рәсімдеу талаптарын таныстырып, кіріс хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тіркеу әрекеттері туралы айтып өтті. Сотқа түсетін хат-хабарларды кеңсе қызметкерлері қолын қойып, алынған күні, уақыты, оны алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсетіп, қабылдайды. Сонымен қатар, жетекші маман С.Сабырханова шығыс хат-хабарларды, құжаттарды рәсімдеу және құжаттарды жіберу тәртібі туралы да баяндады.
Сондай-ақ бас маман сот мәжілісінің хатшысы М.Байзакова сот істерін қарауға дейін рәсімдеу, адамдардың сотқа келуін қамтамасыз ету және азаматтық істер бойынша сот актілерін орындауы туралы баяндап, жаңа нұсқаулықтың ерекшеліктерін атап өтті.
Семинар-тренинг соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, қорытындылар жасап, басқа да толғандырған сұрақтарына жауаптарын алды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының баспасөз қызметі