ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫ ТОҚСАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы және қоғамдық пікір туғызған істер жөнінде баспасөз конференциясын өткізді.
2016 жылдың 1 қантарына 2015 жылдан 10 адамға қатысты 2 іс қалдықта қалған. 2016 жылдың 3 айы ішінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 6 адамға қатысты 4 қылмыстық іс түскен. (2015 жылдың 3 айында – 2/2 қылмыстық іс түсіп, 5/6 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған).
Адам өлтіру, адамдар тобымен қарақшылық жасау, нәсіпқұмарлық сипатындағы күш қолдану санаттағы істер түскен.
Осы мерзімде 4 іс 12 адамға үкім қабылдау арқылы қаралды (2015 ж. – 5 іс 6 адамға).
Көрсетілген мерзім ішінде сотталған 12 адамның 10-на бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды (83,3%), 2 адам – бас бостандығынан шектелді (2015 жылдың 3 айында бас бостандығынан айыру көрсеткіші 100 пайызды құраған).
Аса ауыр санаттағы қылмыстар жасағаны үшін 10 адам сотталып, 7 жыл мен 18 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды; ауыр санаттағы қылмыстар жасағаны үшін 2 адам сотталып – бас бостандығынан шектелді.
8 сотталушыға қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу тағайындалды, 1 сотталушыға маскүнемдіктен емдеу жазасы тағайындалды.
Есептік мерзімде өндірістен аяқталған істер бойынша 5 жеке қаулы қабылданды (2015 жылдың 3 айында - 2).
Қаралған істер бойынша апелляциялық тәртіппен 6 үкім 9 адамға қаралып, өзгеріссіз қалдырылды (2015 жылдың 3 айында 11 үкім 26 адамға қаралып, өзгеріссіз қалдырылған).
Кассациялық тәртіпте 2016 жылдың 3 айында 1 іс 1 адамға кассациялық тәртіпте қаралып, күшінде қалды. (2015 жылдың 3 айында - 11 үкім 11 адамға қаралып, барлығы өзгеріссіз қалдырылған).
Осы мерзімде қадағалау тәртібімен сот үкімдері бұзылған, өзгертілген жоқ.
Барлық істер (100 пайыз) дыбыс-бейне жазба қоңдырғысын пайдаланып қаралған.
Сотта қаралып жатқан істер бойынша және сот жұмысы туралы жазылған 2016 жылдың 3 айында 104 мақала жарық көрді (республикалық басылымдарда-30, жергілікті басылымдарда-74); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қызылорда облыстық сотының ресми сайттарында барлығы 28 ақпарат, 8 бейнесюжет жарияланған. Сондай-ақ, сотта 6 семинар сабағы, қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша 4 брифинг, 1 баспасөз конференциясы, 2 дөңгелек үстел, 3 «Ашық есік күні» өткізілген. Барлық өткізілген іс-шаралар Қызылорда облыстық сотының ресми сайтында және жергілікті басылымдарға жарияланған.
Осы кезеңде қаралған, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша, атап айтқанда, адам өлтіру; ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалған қылмыстық істер жөнінде қылмыстық істер бойынша сот төрағасы Сүлеймен Сағатбек БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі