СЕРІКТЕСТІК ЖҰМЫСШЫЛАРЫНА ЖАЛАҚЫ БЕРЕШЕГІНЕН ҚҰТЫЛДЫ
Қармақшы аудандық прокуратурасының араласуымен «Ақ-Шеген» ЖШС жұмысшыларына жалақы берешегін өтеп берді. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Анықталғандай, серіктестік тарапынан 14 жұмысшыға 2015 жылдың желтоқсан айына 218900 теңге, осы жылдың қаңтар айына 587500 теңгеге еңбекақы төленбеген. Қармақшы аудандық прокуратурасының ықпалымен ғана жұмысшылар 806400 теңге көлеміндегі жалақыларына қол жеткізді.
Кінәлі заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңбұзушылықтар жойылды.