КӨЛІК ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
Қандай бір ақпарат алу үшін кей автокөлік иелері алыстағы Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барамын деп, өзінің біраз уақытын өткізіп алып жатады. Халықтың осы мәселеге қатысты ұсыныс-пікірін ескере отырып, Әкімшілік полиция басқармасы оңтайландырылған жұмыс жүйесіне көшті. Яғни, көлік құралдарының жүрісін тоқтатуға немесе уақытша шектеуге, автокөлікті кепілге қою және босатуға қатысты мәлімет, я болмаса анықтама алғысы келетін азаматтар Қызылорда қаласы Н.Бекежанов көшесі №10 үйде орналасқан Әкімшілік полиция басқармасының ғимаратына («Айтбай» мешітіне қарама-қарсы) келіп, тиісті ақпаратын ала алатындығын хабарлаймыз.
Қызылорда ОІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасы
Қызылорда ОІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасы