ҚЫЗЫЛОРДАДА БҰРЫН СОТТЫ БОЛҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Бұрын сотты болғандармен жасалатын қылмыстарды алдын алудың бірден-бір жолы – оларды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек көрсету екендігі белгілі. Осыған сәйкес, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі және Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жұмыс берушілерге қажетті мамандар таңдауларына, жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына ықпал жасау болып табылады. Шараға қалалық «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының орынбасары Баекеев Мақсұт, Облыстық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Жұмабеков Садырбек, Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Дүйсенбаев Серік және Жергілікті полиция қызметкерлері қатысып, аталған шараның еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне оң ықпал ететіндігін атап өтті.
Аталған шараға қатысуға 24 мекемеден 223 бос орындарға сұраныстар келіп түсті. Оның ішінде мұғалім, метеоролог, тәрбиеші, кассир, іс-жүргізуші, офис-менеджер, есепші, электрик, күзетші, бетоншы, аспазшы сынды мамандықтар да бар.
Іс-шараға қарапайым азаматтармен қатар, ішкі істер органдарында есепте тұрған 84 бұрын сотты болғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрған 47 шартты түрде сотталғандар қатысты.
Атап өтерлік жайт, аталмыш шараның жұмыспен қамтылған халықтың тұрақты өсуіне оң ықпал етуінде, сонымен қатар бұрын сотты болғандарды қалыпты өмірге бейімдеуде маңызы зор. Жергілікті полиция қызметімен аталған бағыттағы жұмыстар бұдан әрі де өз жалғасын тауып, сотты болғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бағытындағы тиісті профилактикалық жұмыстар жүргілетін болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі