МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕС БЕРДІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «медициналық кеңес беру күні» өтті.
№3 қалалық емханадан келген бригада 60-тан астам қызметкерді скринингтік тексеруден өткізді. Бойы мен салмағын өлшетуден бастаған бұл зерттеу барысына қан қысымын өлшеу, қан құрамын анықтайтын лабораториялық қызмет, терапевт-дәрігердің кеңесі және жүрекке ЭКГ жасау кірді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану орталығының өкілдері бірнеше жадынама парақшалар таратты.
Қан қысымы және қан құрамында өзгерістер байқалған қызметкерлерге дәрігер қолданатын медициналық препараттарды тағайындап, кеңес берді.
Халықаралық денсаулық сақтау күніне орайластырып осындай пайдалы акция өткізген №3 қалалық емхана ұжымына Департамент қызметкерлерінің ризашылығы шексіз. Дендеріңіз сау болсын!
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы