ҚАЛА ЖӘНЕ АУДАН ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС ӨТТІ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарына арналған жиналыс өтті, деп хабарлады облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.
Жиналысты орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.
Қала және аудан имамдарына арналған жиналыс барысында есепті кезеңде атқарылған шаралар нақтыланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Атап айтар болсақ, қайырымдылық шараларын күшейту, мешіт жанындағы сауат ашу курстарының жұмысын жандандыру, қоғамдық орындарда мешіт тарапынан тазалық жұмыстарын жүргізу секілді тапсырмаларды сапалы атқару тапсырылды.
Сонымен қатар, ең бастысы жаназадағы ысырапшылық мәселесіне имам-молдалардың жіті көңіл бөлуі, оған жол бермеу мәселесі кеңінен айтылды.
Қала және аудан имамдарының жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, ақпараттандыру жұмыстарына мән беруі де сөз болды.