ОNLINE-САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ
2016 жылдың 4 сәуірден бастап Қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізіледі.
Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сот процесіне қатысушылар, талап қоюшылар (өтініш берушілер), жауапкерлер, жауаптылыққа тартылатын тұлғалар, адвокаттар, прокурорлар, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, аталған сервиске тіркелген өзге де адамдар респондент ретінде қатыса алады. Сауалнамаға қатысу үшін олар «Сот кабинеті» сервисінде (http://office.sud.kz/index.xhtml) тіркелу керек.
Бүгінгі күні 50 мыңнан астам азамат «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің тұтынушылары болып табылады.
«Сот кабинеті» электрондық түрде талап арыздарды қабылдау жұмыстарының ұйымдастыру нәтижесінде қағаз құжат айналымы азайып, оның орнына заман талабына сай электронды құжат айналымы жұмыстарын күшейтуге, әрбір тұтынушы үшін ыңғайлы жерде интернет арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн түрінде төлеуге мүмкіндік береді және электрондық өзара іс-қимыл арқылы азаматтар сотқа талап арыздарды (өтініштерді), апелляциялық шағымдарды, сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтінішхаттарды сервис арқылы электронды құжат түрінде ұсына алады.
Сотқа жүгінуші азаматтарды сауалнамаға белсенді қатысуға шақырамыз.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі