500 АДАМ БІР УАҚЫТТА ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУЛАР ЖАСАДЫ
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 500-ге жуық оқушысы мен қызметкері таңғы жаттығу жұмыстарына белсене қатысты.
Бүгін Қызылордалық Зияткерлік мектебінің кезекті таңы күндегіден ерекше болды. 8-12 сынып оқушылары өз ұстаздарымен және мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, сауықтыру жаттығулар кешенін жасады. «Біз осылайша Дүниежүзілік денсаулық Күніне үн қосқымыз келді,өйткені спорт – өмірімізді ұзартады», - дейді мектеп оқушысы Аружан Әбутәліпова.
Мамандардың айтуына қарағанда, таңертеңгі жаттығу жұмыстарының пайдасы мол: ол ағзаның тонусын көтереді және адамның ойлау қабілетін арттыруға жәрдемдеседі. Үздіксіз спорпен шұғылданатын адамдардың ағзасы күні бойына қажетті энергиямен қамтамасыз етіледі.
Бірнеше минутқа созылған физикалық жаттығулардан соң, салауатты өмір салтын ұстанушылар бірігіп флешмоб биледі. «Айтулы шара төңірегінде бүгін мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізіледі. Мектептегі барлық спорттық үйірмелер өз жұмысын жасайтын болады. Мұнан басқа жалпы білім беретін мектеп пен Назарбаев Зияткерлік мектеп арасында волейбол спорт түрінен жолдастық кездесу ұйымдастырылады», - деп хабарлайды дене шыңықтыру мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің меңгерушісі- Жанна Омарова.
Дені саудың – жаны сау. Рас,бұл қағиданы көпшілік біліп-ақ жүр. Дегенмен, 2015 жылдың соңғы көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, Қазақстанда спортпен үздіксіз айналысатындардың саны 25 пайызды ғана құрап отыр. Осы орайда салауатты өмір салтын насихаттайтын шаралар жиі өткізіліп, жастарды спортқа баулитын жұмыстардың көптеп ұйымдастырылуы – бүгінгі күннің басты міндеттерінің біріболып отыр. Дені сау ұлт – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізі.
Елена РЫБИНА,
Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз-хатшысы