«СУДЬЯЛАР ТӘРТІБІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ» ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2016 жылдың 5 сәуір күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлері арасында «Судьялар тәртібінің қағидалары мен ережелерінің этикалық кодексінің» жобасы талқыланды.
Сот төрағасы С.Сүлеймен, заңның жобасында айтылғандай, қазіргі уақытта әділ сот билігінің алдында тұрған жоғары да жауапты міндеттер - судьялардың өз кәсіби жұмысын халыққа адал қызмет ету, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындау арқылы жүзеге асыруы екенін айтып, судьялар адал болып, қиянатқа бармау керектігін, сот билігін жүзеге асыруда әділдік принципін ұстанулары тиіс екендігін, күнделікті өмірде адамгершілік пен мораль нормаларын, қызметте және тұрмыста мінез-құлықтың этикалық ережелерін сақтау негізінде халық арасында беделге ие болулары керектігіне заң жобасында аса назар аударылғандығын ескертті.
Төраға талқылауды қорытындылай келе судьяларға қойылатын негізгі талаптар - судья әдебін сақтау болып табылатындығына тоқталды. Сонымен қатар, судьяның әдеп сақтауы оған деген сенімнің негізі және бұл қағида кез келген әділ сот билігіне тән болуы қажеттігі де жобада нақтыланғанын айтты.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі