СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІЛІМ МЕН АҒАРТУ
5 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Сыбайлас жемқорлық – жағымсыз әлеуметтік құбылыс» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.
Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, іс-шараға департамент қызметкерлері, институт оқытушылары мен студенттері қатысты.
Департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаев студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңыздылығына екпін қойып, ведомствомен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбиенің негізгі бағыттарын айтып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа профилактикасы басқармасының бас маманы Қ.Абдраманов өз баяндамасында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру, жемқорлыққа қарсы мәдениет пен мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша бірлескен жоспардың орындалуына тоқталды.
Облыстағы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені жемқорлыққа төзбеушілікке шақыратын дебаттық, пікірталас клубтарын, патриоттық форумдар мен басқа акциялар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырудың маңыздылығы ерекше аталды.
«Дөңгелек үстел» нәтижесімен жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.