ЖАРНАМА ЗАҢДЫЛЫҒЫ – ЖЕДЕЛ ТОП ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНДА
Тілдік нормасы сақталмаған, ретсіз орналастырылған жарнамаларға арналған жедел топ өкілдерінің рейдтік жұмыстары жалғасуда. Қызылорда қаласында қатеге толы жарнамалар көп. Сол себепті кәсіпкерлерге ескерту беріліп, қайталанған жағдайда айыппұл салынатығы ескертілді, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мемлекеттік тіде сол жағында,орыс тілінде оң жағында немесе төменгі жағына орналасу қажет. Қажеттілігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін.Ал мұндай жағдай да қаріп өлшемі нормативті құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауы тиіс екенін атады сала мамандары.
Жедел топ өкілдері алдымен Байтұрсынов көшесіндегі сауда орны, мейрамхана, автокөліктерге май ауыстыру бекеттерін аралады. Толығымен ағылшын тіліндегі маңдайша мен жарнамасы ілінген алғашқы назарға іліккен нысан – «Фэшн» лоундж бары. Иесіне ескерту берілді, 3 күн ішінде қателік жойылу керек. Келесі нысан - «Бай Стрит» мейрамханалар кешені. Мұнда келген қонақтар үшін автотұрақ қарастырылмаған және орыс тіліндегі жарнамалардың қарасы көп.
2012 жылғы 23 қаңтардағы №2983 қаулысына сәйкес «Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі елді мекендерде сыртқы жарнама нысандарын орналастыруға рұқсат беру, жеке және заңды тұлғалардың жарнама қызметінің мәселелері бойынша өтініштерін қарау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленген.
Сондай-ақ билборд, стелла, лайтбокс, сілтеуіш жарнамаларын орналастыру үшін «Қалалық сәулет және қала құрлысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жарнама нысанының эскиздік жобасын,шаршы метрін пайдалану мақсаттындағы құжаттар бойынша мәлімет ұсыну қажеттігін қаперге салды сала мамандары.