СОТ МЕДИАЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы «Қызылорда су жүйесі» шаруашылық іс жүргізу құқындағы МКМ-нің жауапкер қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы сот өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалды.
Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды шешуде сот медиациясымен аяқтауға келісімге келгенін көрсетіп, соттан дауды медиация тәртібімен шешуді сұрады. Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша медиация тәртібімен іс өндірістен қысқартылды.
Сондай-ақ, Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы мен жауапкер арадағы некені бұзу туралы талап арызының негізінде қаралған іс судьяның қатысуымен тараптар бітімгершілік келісімге келіп, өндірістен қысқартылды. Нәтижесінде тараптардың арасындағы неке сақталып қалды, - делінген облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.