ҚЫЗЫЛОРДАДА АУТИЗММЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
2 сәуір – Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай алғаш рет биыл Қызылордада марафон өтті.
Игі бастаманы ұйымдастырушылар – «Форте» банктің Қызылордадағы филиалы мен «Асыл мирас» жеке қайырымдылық қорының облыстағы өкілдігі. Шараға аутизммен ауыратын балалар мен олардың ата-аналары, дәрігерлер, белсенді жастар, банк қызметкерлері қатысты.
Акция барысында дерт жайлы жан-жақты ақпарат, науқастарды қоғамға бейімдеу жолдары айтылды.
Ресми дерек бойынша біздің өңірде 23 бала аутизмге шалдыққан. Маусым айында облыс орталығында осындай балаларды оңалтуға арналған орталық ашылмақ.