ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ БАСПАНАСЫН ЖӨНДЕП БЕРМЕКШІ
Қызылордада әлеуметтік қызметкерлер бүгінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерге қандай көмекке мұқтаж екенін зерттеп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жыл сайын Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы ардагерлері саны азайып келеді», - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Есқараева. –«9 мамыр күні облысымыздағы ардагерлер саны небәрі 125 болатын. Қазіргі уақытта олардан тек 118 ардагеріміз қалды, оның 50 ардагері ғана өз еркімен жүріп-тұра алады».
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында арнайы жұмыс тобы құрылып, өңірімізде тұрып жатқан ардагерлердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп жатыр. «Негізінен ардагерлер тұрып жатқан үйлері мен пәтерлеріне жөндеу жұмыстары қажет екен», - деді А.Есқараева. – «Әр үйдің жөндеу мәселелері әр түрлі. Кейбірі жаңартқысы келеді, енді бірі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Айта кету керек, ҰОС ардагерлерінің ішінде пәтерге кезекте тұрғаны жоқ. Одан бөлек, ардагерлер кез келген уақытта монша, шаштараз қызметіне және емдеу – сауықтыру кешендеріне тегін бара алады».
Шынар БЕКБАН