РАНТ МҮШЕСІ СЫР ЕЛІНДЕ
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының республикалық ақпараттық насихат топ мүшесі, «Нұр Астана» мешітінің найб имамы Қабылбек Жұмабеков іс-сапармен Сыр елінде болды. Бұл туралы облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өзінің Сыр еліне жасаған сапарында Қ.Жұмабеков облыстың Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарында және орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде болып, мешіт жамағаттарымен арнайы кездесулерге қатысып, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Уағыз-насихат жұмыстары барысында РАНТ мүшесі дін мен дәстүрдің сабақтастығы, жат ағымдардан сақтану турасында мағыналы насихатын жеткізді.
Ұстаздың уағыз-насихатына қатысқан халық өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарына тұщымды жауаптар алып, еркін сұқбаттар құрды.