МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУҒА ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-нің Қызылорда облысы бойынша филиалында мемлекеттік тілді дамытуға жауапты қызметкерлерге арналған облыстық семинар-тренинг өтті.
- Қызметкерлердің білімін шыңдау, жетілдіру – біздің басты бағыттарымыздың бірі. Сондықтан осындай іс-шараларды өткізіп, қажетті бағыт-бағдар беру жұмыстың сапасын арттыруға септігін тигізеді, - деді филиал директорының орынбасары А.Тобаева.
Семинар-тренинг барысында мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың іс-шаралар жоспарымен жұмыс жасау тәсілдері, бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялау, құжаттама және есептілік жүргізу және орындалған құжаттарды іске қалыптастыру тәртіптері жөнінде тереңірек түсіндірілді. Семинар – тренинг тек теория жүзінде ғана емес, практикамен де ұштастырылды.
Қызметкерлер филиал психологы И.Ертанова өткізген әртүрлі психологиялық тренингтерге де қатысты. Семинар-тренинг барысында топтық құрамда жұмыс жасаған әрбір қатысушы берілген тақырыпқа сәйкес презентация жасап, логикалық ойлауды талап ететін пазлы құрастырды. Осылайша семинар-тренинг қатысушылары оқыту барысында алған білімдерін көрсете білді. Барлық өткізілген психологиялық тренингтер қызметкердің сенімділігін арттыруға бағытталғандығын атап өту керек.