ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ
Бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы алдын ала жергілікті газеттер мен облыстық сотының сайтында хабарлама берілген болатын.
Іс-шараға келген Қызылорда қаласының тұрғыны Қ.Әлібеков сот жүйесіндегі өзгерістер туралы және соттың алқабилермен қарауға жататын істер санаты туралы сұрақтар қойды.
Сот төрағасы С.Б.Сүлеймен қойылған сұрақтарға жауап беріп, одан басқа, сот саласына енгізіліп, пайдаланып жатқан жаңа инновациялық технологиялар, атап айтқанда, «Сот кабинеті» сервисі және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер туралы, сот процестерінде дыбыс, - бейнежазба қолдану, сотқа СМС арқылы шақырту жолдау және т.б. жаңалықтар туралы айтып өтті.
«Ашық есік күні» іс-шарасы айына бір рет халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі