ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 305 АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫ ТІРКЕЛДІ
Биыл Қызылорда облысында 305 алаяқтық қылмысы тіркеліп, өткен жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 26,3% төмендеген.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл санаттағы қылмыстар Шиелі ауданында (19-дан 27-ге), Қармақшы ауданында (5-тен 6-ға), Қазалы ауданында (8-ден 9-ға) өскен болса, басқа аудандарда азайған. Бұл санаттағы қылмыстардың басым бөлігін несие (45), жер (25), пәтер (16) алып беруге, жұмысқа тұрғызуға (37) және ұялы телефонмен байланысты (20) алаяқтық қылмыстары құрады.