ҚЫЗЫЛОРДАДА МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН 10 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
2016 жылдың 2 ай 27 күнінде Қызылорда облысында тіркелген мал ұрлығы былтырғымен салыстырғанда 20,1 пайызға (329-дан 263-ке) төмендеген.
Қызылорда ОІІД криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев мәлімдегендей, есепті кезеңде барымтамен айналысатын 10 қылмыстық топ ұсталып, олардың қатысы бар 20 қылмыс ашылды. Жаңақорған ауданында жалғыз адамның 8 рет мал ұрлағаны анықталған.
- Соңғы 3 жылда мұндай қылмыстардың ең көбі Қазалы ауданында тіркелген. Одан кейінгі орындарда Арал, Сырдария, Жаңақорған аудандары тұр. Қылмыстың өсім алуы тұрғындардың малдарын бақташысыз өріске жіберуі мен малдарының жоғалғаны туралы кеш хабарлауында, - дейді Ғани Тұрсекеев.
Облыстағы 147 ауылдық округтің 64-інде ғана пада ұйымдастырылып, бақташымен қамтылған.