ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ – ХАЛЫҚТЫҚ ПОЛИЦИЯ
/2016 жылдың 2 айында атқарылған жұмыстар туралы/
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел алдында тұрған межелерді айқындап, нақты міндеттер жүктеді, дамуға, ілгерілеуге жол ашатын нақты 100 қадамды белгілеп берді. Идеологиядан заң жүйесіне дейінгі қоғамдағы барлық саланы қамтыған Ұлт жоспарында әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, әрбірінің бүгінгі деңгейіне баға беріп, әрі қарай қай бағытта даму керектігін айқындады. Құқық қорғау саласы, оның ішінде ішкі істер органдары да Елбасының назарынан тыс қалмады. Полицияның қоғамның сенімін арттыратындай жұмыс жасауы үшін қазіргі таңда өзекті болып тұрған мәселелерді көтеріп, нақты міндеттер белгіледі. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында айтылған келелі мәселенің бірі – жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру тапсырмасы болатын. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылдың 2 қарашасында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданып, осы жылдың басынан бастап Жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастады.
2016 жылдың 2 айында облыс көлемінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесуде біршама жұмыстар атқарылды.
Учаскелік полиция саласы бойынша:
Бұрын сотты болғандармен жасалатын қылмыстарды алдын алудың бірден-бір жолы оларды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек көрсету болғандықтан, жыл басынан бері түзеу мекемелерінен босатылған 13 бұрын сотты болғандар жұмыспен қамтылса, 3 адамды жазасының өтелмеген мерзімін қайта өтеу үшін түзеу мекемелеріне қайтарылды.
Нәтижесінде, ішкі істер органдарында есепте тұрған сотты болғандармен қайта қылмыс жасау дерегі - 42,1 пайызға (19/11) төмендеді.
Сонымен бірге, облыста мас күйінде жасалатын қылмыстарды алдын алу мақсатында, маскүнемдікпен есепте тұрған 48 адам (былтыр-34) еріксіз емдеу мекемесіне жатқызылды.
Сондай-ақ, қоғамдық орын мен көшелерде мас күйінде жүргендері үшін 1562 адамға әкімшілік шара көрілді.
Ағымдағы жылдың 2 айында учаскелік полиция инспекторларымен отбасы-тұрмыстық қатынаста орын алған 617 арыз-шағым қаралып, тиісті шешімдер қабылданған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бергендері үшін 184 құқық бұзушы әкімшілік кодекстің 73-бабымен әкімшілік жазаға тартылса, 208 адамның құжаттары ҚР Қылмыстық кодексінің 108, 109-баптарына сәйкес жеке жариялы түрде қарау үшін сотқа жолданды.
Сондай-ақ, отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылыққа жол бергені үшін 579 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылса, 35 құқық бұзушының мінезіне ерекше талаптар белгіленді.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларының кент, ауылдық округ әкімдерімен бірге есеп беру кездесулерін өткізу үшін бірлескен кестелер бекітіліп, ағымдағы жылдың қаңтар айының 14-нен ақпан айының 12-сі күндері аралығында 147 жерде тұрғындар алдында есеп беру жиындары өткізіліп, учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар алдында өз есептерін берді.
Мүлдем төзбеушілік бойынша:
Елбасының 2012 жылдың 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс, дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады», - деп көрсетілген.
Осыған байланысты, жергілікті полиция қызметінің жүйелі жұмыстарының нәтижесінде «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға байланысты үстіміздегі жылдың 2 айында анықталған құқық бұзушылықтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда +29,2 пайызға, яғни 4 505-тен 5 822-ке дейін жоғарылады.
Анықталған 5822 құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, 2369 азаматқа ескерту жасалса, 23 (440/4 бабы) азамат әкімшілік қамаққа алынды, 640 (434 және 132 баптары) әкімшілік істер шара қолдану үшін соттың қарауына жолданса, ал қалған 2790 азаматқа жалпы сомасы 22 млн 801 мың теңге айыппұл салынды.
Ювеналды полиция саласы бойынша:
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңының талаптарына сай жас ұрпақ тәрбиесі өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарға жүктелген.
Осы мақсатта кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында қаңтар айының 22-24 күндері аралығында облыс көлемінде «Балалар түнгі қалада», әр аптаның жұма күндері «Профилактика күні», сенбі күндері «Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып, нәтижесі республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға кеңінен насихатталуда.
Бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, заңды өкілдерінің қадағалуынсыз көше кезіп жүрген 718 жасөспірім (былтыр-445) ұсталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік шаралар көрілді.
Осымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 11 (2015 жылы – 8) администратор, кәмелет жасына толмағандарға темекі бұйымын сатқан 8 (2015 жылы – 6) сатушы және жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін сатқаны үшін 12 (2015 жылы – 1) сатушы анықталып, оларға қатысты тиісті әкімшілік шара көрілді.
Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 24 ата-ана (2015 жылы – 20) соттың құзырымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы атқарылған профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде жасөспірімдермен жасалған қылмыстар -10,0 пайызға (10-нан 9-ға), осы қылмыстарды жасаған жасөспірімдер саны -25,0 пайызға (24-тен 18-ге), оның ішінде қылмыс жасаған мектеп оқушылар саны -44,4 пайызға (9-дан 5-ке), колледж студенттерінің саны -20,0 пайызға (10-нан 8-ге) төмендеуіне қол жеткізілді.
Жол-патрульдік полиция саласы бойынша:
Күнделікті қала орталығында қоғамдық орындар мен көшелерде орын алатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 45 қызметтік автокөлікпен 128 қызметкер, 20 қызметкерден тұратын 10 жаяу наряд және ҚР ІІМ-нің Ұлттық ұлан гвардиясынан 145 сарбаз кезекшілікке шығады.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар -26,6 пайызға (595-тен 437-ге), оның ішінде көшелерде жасалған қылмыстар -18,0 пайызға (306-дан 251-ге) азайды.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша:
Облыс көлемінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғасын алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе көлік құралын мас күйінде басқарудың жолын кесу бағытында ағымдағы жылдың қаңтар айының 11-14 күндері аралығында және ақпан айының 15-17 күндері аралығында «Қауіпсіз жол», 2016 жылдың қаңтар айының 19-21 күндері аралығында «Автобус», қаңтар айының 28-30 күндері аралығында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.
Нәтижесінде, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен барлығы 22560 құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол-көлік оқиғаларына тікелей септігін тигізетін өрескел құқық бұзушылықтар, яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 591-1-бабы бойынша көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің – 4691, осы кодекстің 592-бабы бойынша белгіленген жылдамдықты шектен тыс арттырудың – 2467, 593-1-бабы бойынша қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 6563, 596-3-бабы бойынша қозғалыстың қарсы бағытына шығудың – 44, 600-бабы бойынша жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеудің – 275, 608-бабы бойынша ішімдік ішіп, көлік басқарудың – 197, 615-бабы бойынша жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзудың – 1642 деректері анықталды.
Табиғатты қорғау саласы бойынша:
Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы саласы құрылымдарымен атқарылған жедел-профилактикалық жұмыстардың барысында табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың – 148 дерегі тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда +5,0 пайызға (2015 ж.-141) жоғарылады.
Есепті мерзімде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы бойынша аң аулау қағидаларын бұзудың – 70 (2015 жылы – 71) дерегі анықталды.
Осы кодекстің балық аулау және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 47 (2015 жылы – 47) дерегі анықталды.
Табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылыққа қатысты барлығы 34 (2015 ж.-29) қылмыстық іс қозғалды.
Оның ішінде, заңсыз аңшылық жасағандары үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша барлығы 7 (былтыр-8) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) 9 (былтыр-8) қылмыстық іс қозғалып, олардың 1-і айыптау қорытындысымен сотқа жолданса, 8-і бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Заңсыз ағаштарды кескені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабымен барлығы 18 (2015-13) қылмыстық іс қозғалып 10 қылмыстық іс сотқа жолданды. ІІО-мен экологиялық заң бұзушылықтарға қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижелері облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануда.
Сөзімді түйіндей келе, «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған 100 нақты қадамы – дамуға, ілгерілеуге, құқықтық тұрғыдан жаңғыруға әкелетін сәтті ойластырылған бағдарлама екенін ерекше атап өткім келеді. Сондықтан аталған бағдарламаны басшылыққа ала отырып қана біз әр қадамымызды нық, сенімді, жемісті жасарымызға сенім білдіремін.
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы
полиция подполковнигі Қалижан Жеңісбекұлы ҚОБЛАНДИН